HP LaserJet P2055 Printer series - Өнімді қайта орамау

background image

Өнімді қайта орамау

Егер HP тұтынушыларды қолдау орталығы өніміңіздің жөндеуге HP компаниясына қайтарылуға
тиісті екенін анықтаса, өнімді жөнелтудің алдында оны қайта орау үшін осы қадамдарды
орындаңыз.

ЕСКЕРТУ:

Дұрыс буып-түймеу нəтижесінде болған тасымалдау зақымдары үшін

жауапкершілікті тұтынушы көтереді.

1.

Өзіңіз сатып алып, құрылғыға салған барлық DIMM карталарын шығарып алыңыз.
Құрылғымен бірге келген DIMM карталарын шығармаңыз.

ЕСКЕРТУ:

Статикалық электр DIMM карталарын зақымдауы мүмкін. DIMM карталарын

ұстаған кезде, статикаға қарсы білезік тағып алыңыз, не болмаса жиі-жиі DIMM
картасының статикаға қарсы орауышын ұстап, содан кейін құрылғыдағы жалаң металды
ұстап тұрыңыз. DIMM карталарын шығарып алу үшін

Жадты орнату 94-бетте

қараңыз.

2.

Баспа картриджін шығарып алып, сақтап қойыңыз.

ЕСКЕРТУ:

Өнімді жөнелтудің алдында баспа картриджін алу өте маңызды болып

табылады. Жөнелту кезінде өнімде қалатын баспа картриджі ағып, өнімнің механизмі мен
басқа бөлшектеріне тонер жағылуы мүмкін.

Баспа картриджі зақымданбауы үшін оның ролигіне тиюден сақ болыңыз жəне баспа
картриджін өзінің орауыш материалында немесе оған жарық түспейтіндей етіп сақтаңыз.

3.

Қуат кабелін, интерфейстік кабельді жəне қосымша керек-жарақтарды ажыратып алып,
сақтап қойыңыз.

156 Қосымша B Қызмет жəне Қолдау

KKWW

background image

4.

Мүмкін болса, жинақпен бірге баспа үлгілерін жəне дұрыс басылмаған 50-100 парақ қағаз
немесе басқа баспа материалын жіберіңіз.

5.

АҚШ-та, жаңа орауыш материал алу үшін HP Тұтынушыларды қорғау қызметіне
хабарласыңыз. Басқа аймақтарда, мүмкін болса, өзінің орауыш материалын
пайдаланыңыз. Hewlett-Packard тасымалдау үшін жабдықты сақтандаруды ұсынады.