HP LaserJet P2055 Printer series - HP Web Jetadmin бағдарламалық құралын пайдалану

background image

HP Web Jetadmin бағдарламалық құралын пайдалану

HP Web Jetadmin желі арқылы қосылатын шалғай құрылғыларды алыстан орнату, бақылау
жəне жөндеуге арналған интернет технологияларына негізделген бағдарламалық шешім болып
табылады. Қолайлы браузер интерфейсі бірқатар құрылғылардың, соның ішінде HP шығарған
жəне HP шығармаған құрылғылардың платформааралық басқаруын жеңілдетеді. Басқару
белсенді түрде жүргізіліп, желі администраторларының мəселелерді пайдаланушыларға еш
ықпалы тиместен шешуіне мүмкіндік береді. Бұл тегін, басқарылуы жетілдірілген
бағдарламалық құралды

www.hp.com/go/webjetadmin_software

сайт бетінен жүктеп алыңыз.

HP Web Jetadmin үшін қосымша бағдарламалар алу үшін plug-ins (қосымша бағдарламалар)
басып, содан кейін сізге керекті қосымша бағдарлама атауының жанындағы download (жүктеу)
сілтемесін басыңыз. HP Web Jetadmin бағдарламасы жаңа қосымша бағдарламалар пайда
болған кезде сізге автоматты түрде хабар береді. HP веб-сайтына автоматты түрде қосылу
үшін Product Update (Өнімді жаңарту) бетіндегі нұсқауларды орындаңыз.

Егер хост-серверге орнатылған болса, HP Web Jetadmin бағдарламасын Windows жүйесіне
арналған Microsoft Internet Explorer 6.0 немесе Linux жүйесіне арналған Netscape Navigator 7.1
сияқты қолдау көрсетілетін веб-браузері арқылы кез келген клиент пайдалана алады.
HP Web Jetadmin хостын қараңыз.

ЕСКЕРІМ:

Шолғыштарда Java™ қосылған болу керек. Apple компьютерінен шолуға қолдау

көрсетілмейді.

86

Бап 9 Өнімді басқару жəне оған техникалық қызмет көрсету

KKWW