Басқару панеліндегі хабарларды аудару
Басқару панелінің хабарлары өнімнің ағымдағы мəртебесін немесе араласуды қажет ететін
жағдайларды көрсетіп тұрады.
Басқару панелінің хабарлары уақытша көрсетіліп, басып шығаруды қалпына келтіру үшін
OK
батырмасын немесе тапсырманы тоқтату үшін
X
белгішесін басу арқылы хабарды растауды
талап етуі мүмкін. Белгілі бір хабарлар шыққанда тапсырма бітпей қалуы мүмкін немесе басып
шығару сапасы төмендеуі мүмкін. Егер сигналдық хабары басып шығаруға қатысты болса жəне
автоматты жалғастыру функциясы қосылған жағдайда хабар 10 секундқа шыққаннан кейін өнім
басып шығару тапсырмасын растаусыз жалғастыруға əрекет жасайды.
Кейбір хабарларда өнімді өшіріп, қайта қосу ақаулықты түзетуі мүмкін. Егер төтенше қателер
жойылмаса, өнімге жөндеу қажет етілуі мүмкін.