HP LaserJet P2055 Printer series - Желілік ақаулықтарды түзету

background image

Желілік ақаулықтарды түзету

Өнім желімен байланысып тұрғанын анықтау үшін келесіні тексеріңіз. Бастар алдында
конфигурация бетін басып шығарыңыз.

ақпарат беттерді басып шығару 78-бетте

қараңыз.

1.

Жұмыс компьютердің немесе файл серверінің жəне өнімнің арасында физикалық
байланыс ақаулығы бар ма?

Желілік кабелдің, байланыстардың жəне маршрутизатордың конфигурациялары дұрыс
екенін тексеріңіз. Желілік кабельдің ұзындықтары желінің ерекшеліктеріне сай екенін
тексеріңіз.

2.

Желілік кабельдер дұрыс жалғанды ма?

Өнім желіге тиісті порт жəне кабель арқылы жалғанғанын тексеріңіз. Əр кабельдің
жалғанған жері мықты жəне дұрыс екенін тексеріңіз. Егер ақаулық шешілмесе,
концентраторға немесе трансиверге басқа кабельді немесе портты қолданып көріңіз.
Өнімнің артқы жағындағы портқа қосатын жердегі сарғыш түсті жұмыс шамы жəне жасыл
түсті мəртебе шамы жанып тұру керек.

3.

Байланыс жылдамдығы мен дуплекс параметрлері дұрыс қойылған ба?

Hewlett-Packard бұл параметрді автоматты режимде қалдыруды ұсынады (стандартты
параметр).

Байланыс жылдамдығының параметрі 47-бетте

дегенді қараңыз.

4.

Өнімнің байланысын «ping» пəрменімен тексере аласыз ба?

Пəрмен жолын ашып, компьютеріңізден өнімнің байланысын тексеріңіз. Мысалы:

ping 192.168.45.39

Ping пəрмені айналып қайту уақытын көрсететініне көз жеткізіңіз.

Егер өнімнің байланысы өтіп тұрса, онда компьтеріңіздегі өнімнің IP адрес
конфигурациясы дұрыс екенін тексеріңіз. Егер ол дұрыс болса, өнімді жойып, қайта
қосыңыз.

Егер ping пəрмені байланыса алмаса, желілік концентраторлардың қосулы екенін
тексеріңіз. Содан соң, желілік теңшеулердің, өнімнің жəне компьютердің
конфигурациялары сол желіге бапталғанын тексеріңіз.

5.

Желіге ешқандай бағдарламалық жасақтар қосылған жоқ па?

Оларға желіде қолдау көрсетілетінін жəне олар дұрыс принтер драйверлерімен
орнатылғанын тексеріңіз.

KKWW

Қосылу ақаулықтарын түзету 135

background image

6.

Басқа пайдаланушылар басып шығара ала ма?

Ақаулық жұмыс компьютеріңізге байланысты болуы мүмкін. Жұмыс компьютеріңіздің
желілік драйверлерін, принтер драйверлерін жəне бағытты өзгерту мүмкіндігін тексеріңіз
(Novell NetWare жасақтамасында ұсталады).

7.

Егер басқа пайдаланушылар басып шығара алса, олар дəл сол желілік операциялық
жүйені қолданып отыр ма?

Жүйеңіздегі желілік операциялық жүйеңіздің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.

8.

Протокол қосулы ма?

Конфигурация бетінен протоколыңыздың қалпын тексеріңіз. Сонымен қатар, сіз енгізілген
веб-серверді пайдаланып басқа протоколдардың міртебесін тексере аласыз.

Енгізілген

веб-сервер 85-бетте

қараңыз.

9.

Өнім HP Web Jetadmin немесе басқа басқару бағдарламалық құралында көріне ме?

Желінің конфигурациясы бетінде желілік параметрлерді тексеріңіз.

Өнімнің басқару панелінен (басқару панелдері бар өнімдерге арналған) желілік
параметрлерін растаңыз.

136 Бап 10 Мəселелерді шешу

KKWW