HP LaserJet P2055 Printer series - Өнімді желіде орнатыңыз

background image

Өнімді желіде орнатыңыз

Бұл конфигурацияда өнім желіге тікелей қосылады жəне желідегі барлық компьютерлерге өнім
арқылы тікелей басып шығаруға мүмкіндік беру үшін өнімді конфигурациялауға болады.

ЕСКЕРІМ:

Бұл режим өнім үшін ұсынылған желілік конфигурация болып табылады.

1.

Өнімді қосудан бұрын желілік кабельді өнімнің желілік портына жалғау арқылы өнімді
тікелей желіге қосыңыз.

2.

Өнімді қосыңыз, 2 минут күтіңіз, содан кейін конфигурациялық бетті басып шығару үшін
басқару панелін пайдаланыңыз.

ЕСКЕРІМ:

Келесі қадамға өтуден алдын конфигурациялық бетте IP адресінің

көрсетілгенін тексеріңіз. Егер IP адресі көрсетілмесе, конфигурациялық бетті қайта басып
шығарыңыз.

3.

Өнімнің шағын дискісін (CD) компьютеріңізге салыңыз. Егер орнату бағдарламасы іске
қосылмаса, шағын дискідегі setup.exe файлына барып, оны екі рет басыңыз.

4.

Орнату бағдарламасының нұсқауларын орындаңыз.

ЕСКЕРІМ:

Орнату бағдарламасы желілік адресті сұрағанда, орнату бағдарламасын іске

қосудың алдында басып шығарылған конфигурациялық бетте көрсетілген IP адресін
енгізіңіз немесе өнімді желіден іздеңіз.

5.

Орнату үрдісіі аяқталғанша күтіңіз.

Кесте 5-4

IP адресін беру (жалғасы)

KKWW

Желі конфигурациясы

45