Өнімді тазалау
Қажет болғанда, принтердің сыртын таза дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ:
Принтердің үстін немесе жан-жағын тазалау үшін аммиакқа негізделген
тазалағыштар пайдаланбаңыз.
Басып шығару кезінде принтердің ішінде қағаз, тонер жəне шаң жиылып қалу мүмкін. Уақыт
өткен сайын бұл жиналған қалдықтар тонердің дақтары немесе айғыздарының пайда болуы
жəне қағаздардың кептелуі сияқты проблемаларға əкеп соғып, баспа сапасын нашарлатуы
мүмкін. Бұл проблемаларды түзету жəне жою үшін баспа картриджінің айналасы мен
принтердің баспа құралдары өтетін жолды тазалауға болады.